Аннотация:Тарихтың дамуы барысында әрбір елдің халқы тек өзіне тән доминанттық сипаттар мен қасиеттерді өзінің әлеуметтік, саяси, құқықтық және этикалық тәжірибесінде айқындайды. Фольклор әр халықтың ұлттық төлқұжаты, бет айнасы және этносты дара сипаттайтын, тамырын тереңінен тартатын эпопея. Қазақ халқының фольклорын Қазан төнкерісіне дейін ресей ғалымдары, шенеуніктері мен ориенталистері XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жинап, сол заманның зерттеу методологиясының шеңберінде бағалады. Қазақ халқының бай фольклорын қазақ қайраткерлерінің және жас ғалымдардың жан-жақты терең зертеуі арқылы бүгінгі мемлекеттік басқару, сот билігін тиімді, әділетті түрде іс жүзіне асыру да құқықтық тәрбиеде кең көлемде пайдалану бүгінгі күнгі көкейкесті мәселелердің бірі. Қазақ фольклорын түбегейлі зерттеу және оны кең дәрежеде насихаттау тәуелсіз мемлекетімізде патриотизмді қалыптастыруға шексіз ықпалын тигізетіні хақ. Осы қорытындыға XIX ғ. қазақ қайраткерлерінің еңбектерін зерттей отырып келуге болады.